Қаржылық сауаттылық
Бұл бөлім ломбардтағы қарыздың қалай жұмыс істейтінін, оның қанша тұратынын және қиын жағдайға қалай түспеуге болатынын түсінуге көмектеседі. Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар — «Сұрақтар мен жауаптар» бетінде.
КЕПІЛМЕН ҚАРЫЗ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ. Сіз ломбардқа бұйымды (мысалы, алтын бұйымды) қалдырып, қолма-қол ақша аласыз. Бұйым өтелгенге дейін ломбардта сақталады. Сіз қарыз сомасын және пайдаланған күндер үшін сыйақыны қайтарасыз — және бұйымыңызды аласыз. Қарыз мерзімінде және қосымша күту мерзімінде өтелмесе, ломбард бұйымды өткізуге құқылы.
ЖТСМ ДЕГЕНІМІЗ НЕ. Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі (ЖТСМ) барлық төлемдерді ескере отырып, қарыздың толық құнын жылдық пайызбен көрсетеді. Ол әртүрлі ломбардтар мен банктердің ұсыныстарын әділ салыстыруға мүмкіндік береді: ЖТСМ неғұрлым төмен болса, қарыз соғұрлым арзан. «Күніне» мөлшерлеме аз көрінеді, бірақ бір жылда үлкен сомаға жиналады — сондықтан дәл ЖТСМ-ді салыстырыңыз. Ломбард ЖТСМ-ді сыйақы мөлшерлемесінің жанында көрсетуге міндетті.
АРТЫҚ ТӨЛЕМДІ ҚАЛАЙ ЕСЕПТЕУГЕ БОЛАДЫ. Сыйақы = қарыз сомасы × күндік мөлшерлеме × күн саны. Мысал: 100 000 ₸ қарызды 30 күнге күніне 0,3 %-бен алғанда сыйақы 100 000 × 0,003 × 30 = 9 000 ₸ болады, қайтаруға — 109 000 ₸. Басты беттегі калькулятор алдын ала соманы есептейді; есептеу анықтамалық сипатта, нақты талаптар — шартта.
ҚАРЫЗ АЛМАС БҰРЫН:
— мерзімінде қайтара алатын сомада ғана алыңыз және қандай ақшадан өтейтініңізді алдын ала шешіңіз;
— шарт пен кепілдік билетті мұқият оқыңыз, қызметкерге барлық сұрақтарыңызды қойыңыз — бұл тегін;
— қарыз мерзімін, өтеу күнін, тұрақсыздық айыбының мөлшерін және қосымша күту мерзімін тексеріңіз;
— шарт пен кепілдік билетті толық өтелгенге дейін сақтаңыз.
ӨТЕП ҮЛГЕРМЕСЕҢІЗ. Мерзімнің аяқталуын күтпеңіз: филиалға алдын ала жүгініңіз. Сыйақыны өтеп, қарызды шарт талаптарымен ұзартуға немесе шарт талаптарын өзгерту туралы өтініш беруге болады — тәртібі «Қарыз алушының құқықтары мен жауапкершілігі» бетінде сипатталған.
МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ӨТЕУ тиімді: сыйақы іс жүзіндегі күндер үшін ғана есептеледі, мерзімінен бұрын қайтарғаны үшін айыппұл жоқ.
АЛАЯҚТАРДАН САҚ БОЛЫҢЫЗ:
— ломбард қызметкерлері ешқашан SMS кодтарын, құпиясөздерді және банк карталарының деректерін сұрамайды;
— бөгде адамдардың өтініші бойынша қарыз рәсімдемеңіз, құжаттарыңызды және кепілдік билетті ешкімге бермеңіз;
— ұйымның ҚНРДА лицензиясы бар екенін тексеріңіз: лицензиаттар тізілімі Агенттіктің сайтында жарияланған (www.gov.kz/memleket/entities/ardfm).
ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР:
— қаржылық сауаттылық — fingramota.kz порталы;
— микроқаржы омбудсманы — mfombudsman.kz;
— Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі — www.gov.kz/memleket/entities/ardfm.